back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Баршын Тірек мектебі аптаның тағы бір үздік оқушыларын марапаттады.
01-05-2024 21:08
Баршын Тірек мектебі аптаның тағы бір үздік оқушыларын марапаттады.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық Ілияс Жансүгіров оқулары өткізіліп,Баршын тірек мектебі атынан  9 сынып оқушысы Масабаева Гүлназ,10 сынып оқушысы Галимуллина Құндызай қатысты.Дайындаған жетекшілері:Г.С.Соппекова.Екі оқушы да ІІІ  жүлделі  орындарға ие болды. "Ілияс оқулары" мәртебесін, міндеттері мен мақсаттарын айқындау мақсатында жыл сайын өткізілетін іс-шара. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған диниетанымдары мен сана сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. Сол сияқты 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін Дарын орталығы  Қазақстан тарихы пәндік олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысушы Аманжол Кәусар марапатталды. Жетекшісі Курамысова А.Т. Аптаның үздігіне АӘД бойынша аудандық  байқауға барып келген оқушыларымызды ерекше айтып кетуге болады. Ұлы Отан соғысының 79 жылдығы мен Қарулы күштердің құрылғанына 32 жыл толу мерекесіне ұйымдастырылған байқауда көптен жүлделермен келді. Жетекшісі Мүталлап Н.Е. Барлық жүлделерді құттықтаймыз. 

#Нұраауданыоқубөлімі  #Ілиясоқулары #Дарынпәндікапталығы #Алғашқыәскеридайындық

Новости