Индекс 100116
Қарағанды облысы
Абай ауданы, Топар кенті
Н.Әбдіров көшесі, 11Г
8 (721) 53-32097
Электрондық пошта: abay_mektebi@inbox.ru
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі лауазымдарға конкурс жариялайды:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1,5 бірлік
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1,5 бірлік
Аға тәлімгер – 1 бірлік
Педагог – ассистент – 1 бірлік
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 23.08.2024ж – 03.09.2024ж.
Негізгі қызметі:
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқылатын пәндер ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Лауазым кандидатына қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары және (немесе ) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немсе техникалық және кәсіптік, тиісті бейіні бойынша орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
- Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды тапсырады:
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.