
Ғаламтордың жағымсыз, жағымды жақтарын түсіндіру, оның адам психологиясына әсері туралы әңгімелеу, одан сақтандыру жолдарын үйрету, психологияға және денсаулыққа зиянды әсерінен аулақ болуға тәрбиелеу мақсатымен 6-8 сынып оқушыларымен «Интернетке тәуелділік» тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді.
«Тілек ұшағы» ойыны арқылы әр оқушы жылы лебіздерін жазып, бір- біріне ұшырды. Ұшақта жазылған тілекті оқушылар оқып алған әсерлерімен бөлісіп, әлеуметтік желіде, пайдалы ақпаратпен танысып, өз пікірлерімен бөлісетін болса, сыныптастарымен достарына тек жақсы пікір қалдыру керек екен деген тұжырым жасады.