«Бірлік бар жерде – тірлік бар» сынып сағаттары туралы қысқаша ақпарат
Мектебімізде «Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында 1–11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараға барлығы 439 оқушы қамтылды. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылар арасында достықты, татулықты, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, қоғамдағы бірліктің маңызын түсіндіру болды. Іс-шара барысында оқушылар бірлік пен келісімнің құндылығы туралы пікір алмасып, тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көріп, танымдық тапсырмалар орындады. Сынып сағаттары оқушылардың патриоттық сезімдерін арттырып, ел бірлігін қадірлеуге тәрбиелеуге ықпал етті.
