«Қазақстан – ортақ үйіміз» эссе байқауы туралы қысқаша ақпарат
Мектебімізде оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және ел бірлігін насихаттау мақсатында «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауға білім алушылар белсенді қатысып, өз шығармаларында Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын, елдегі тұрақтылық пен бірліктің маңызын жан-жақты ашып көрсетті. Оқушылар туған елге деген мақтаныш сезімдерін білдіріп, Қазақстанның ортақ шаңырақ ретіндегі құндылығын атап өтті. Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, белсенді қатысушылар марапатталды.

