«9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні» сынып сағаты
9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай 1–11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға Жеңіс күнінің тарихи маңызын түсіндіру, соғыс ардагерлерінің ерлігі мен батырлығын дәріптеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи оқиғалармен танысып, батырлар туралы мәліметтер тыңдады, тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрді және өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сынып сағаты жас ұрпақты Отанды сүюге, бейбітшілікті қадірлеуге және ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.


