back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Чернобыль қасіреті: тарих және тағылым» кітап көрмесі
27-04-2026 16:29
«Чернобыль қасіреті: тарих және тағылым» кітап көрмесі

«Чернобыль қасіреті: тарих және тағылым» кітап көрмесі туралы қысқаша ақпарат

2026 жылғы 27 сәуірде мектеп кітапханашысы Алибекова Ф.З. мен тарих пәнінің мұғалімі Жунусов К.Ж. ұйымдастыруымен 5–8 сынып оқушыларына арналған «Чернобыль қасіреті: тарих және тағылым» атты кітап көрмесі өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың себептері мен салдары туралы мәлімет беріліп, апаттың адамзат пен қоршаған ортаға тигізген зардаптары түсіндірілді. Көрмеге қойылған кітаптар мен ақпараттық материалдар таныстырылып, оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге және экологиялық жауапкершілігін арттыруға назар аударылды. Оқушылар көрмеге қызығушылық танытып, өз пікірлерімен бөлісті.

Новости