Кәсіптік бағдар беру
16.09.2024 жыл «Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де педагог-психолог А.Х.Баисова және педагог-профориентатор М.С.Рахимбаеваның ұйымдастыруымен «Буллинг дегеніміз не?» және «Мен таңдаған мамандық» -атты тақырыпта 9 сынып оқушыларымен семинар-дәріс өткізілді. Оқушылар тарапынан мамандыққа байланысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Семинар барысында педагог-психолог А.Х.Баисова жасөспірімдерге «Егер сен зорлық-зомбылық құрбаны болудан сақтанғың келсе...»,- атты жадынама таратты.
Семинар соңында оқушылар буллинг туралы ойларын ортаға салып, өзара талқылады.