Кәсіптік бағдар беру."Менің болашақтағы мамандығым" -атты семинар- сабақ.

17.09.2024 жыл «Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 6 сынып оқушыларымен педагог-психолог А.Х.Баисова және педагог-профориентатор М.С.Рахимбаеваның ұйымдастыруымен «Кибербуллинг және буллинг» және «Менің болашақтағы мамандығым» -атты тақырыпта семинар – сабақ өткізілді. Педагог-профориентатор М.С.Рахимбаеваның мамандықтарға байланысты қойылған сұрақтарына оқушылар жауаптарын берді.
Семинар барысында педагог-психолог А.Х.Баисова тренинг элементтерін пайдаланып, оқушылармен жаттығулар өткізді.