back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Санжара Асфендиярова"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Санжара Асфендиярова"
Мектеп формасы
12-09-2023 09:49
Мектеп формасы

Мектеп формасын кию сыртқы келбетке деген талапшылдықты, мінез - құлықтың белгілі бір үлгісін қалыптастырады және қарым - қатынасқа сенімділік береді. Жаңа талаптар әлеуметтік теңсіздікті толықтай жояды, мемлекеттің зайырлы бағытқа ұмтылуына баса назар аударады, сонымен қатар балаларды тәртіпті етеді.
​Барлық жалпы білім беретін мектептерінде міндетті талаптардың бірі бірыңғай мектеп формасын кию болып табылады. ҚР білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы, ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы және білім беру ұйымының Жарғысы бойынша мектеп формасын кию туралы шешім қабылданады. Қорғаншылық кеңестің келісімі бойынша мектеп директорының бұйрығымен оны кию тәртібі бекітіледі.
​Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Новости