Қыздар жиналысы
7-11 сынып қыз балалары арасында қыздар жиыны. Қыз балалардың өтпелі кезеңі, қыз баланың тәрбиесі жөнінде сұрақтар талқыланып, презентация, бейнероликтер көрсетілді. Мектеп психологы қыз балаларға қыз бала тәрбиесі, өтпелі кезеңдегі мінез-құлық туралы дәріс оқыды. Мектеп дәрігері А.Б.Спатаева жеке бас тазылығына кеңінен тоқталып, кеңес беріп өтті. Жиын соңы сұрақ-жауапқа алмасып, қыз бала тәрбиесіне қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.