back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Санжара Асфендиярова"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Санжара Асфендиярова"
Асхат Аймағамбетов жаңа министрліктің алдында тұрған міндеттермен бөлісті
13-06-2022 15:47
Асхат Аймағамбетов жаңа министрліктің алдында тұрған міндеттермен бөлісті
Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтып, жаңа министрліктің алдында тұрған міндеттер туралы жазды 
Президент Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып тағайындалдым. Бұл - мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін қамтитын үлкен сала. Осы бағыттарды одан әрі дамыту үшін алда бірқатар міндет тұр.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін алғыс айтамын.
 
Президенттің тікелей қолдауының арқасында көп жұмысты, соның ішінде педагогтердің, оқытушылардың жалақысын көтеру, саладағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру бойынша жұмыстарды шешуге мүмкіндік болды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.
 
Жұмысымызда тиімділікті, әділдікті және ашық болуды қамтамасыз ету негізгі бағыт болып қала береді.
 
Дегенмен қоғаммен бірлесіп шешетін күрделі мәселелер де жоқ емес. Проблемалар бар.
 
Біз жаңа идеялар мен конструктивті сынға ашықпыз.
Новости