2026 жылдың қаңтар айының педагогикалық кеңесінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары “Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31180 тіркелген Қазақстан Республикасының оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 “ бұйрығымен, оқушыларды ыстық тамақпен қамтылу №598 бұйрық, №64 қаулымен “Тамақтану стандарты” бойынша ұжымды таныстырды. Сондай -ақ лицей ішінде зиянды әдеттер ( темекі,ішімдік т.б) оқушылармен «2026-2029 жылдарға арналған жастар арасындағы нашақорлықтың ерте алдын алу жөніндегі жол картасы» жоспарымен таныстыра отырып, қаңтар айында жүргізілген іс-шаралар есебімен қорытындылады.