back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Кітапхана туралы мәлімет
16-09-2024 12:25

 

  Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі мектеп кітапханасы. Кітапхана мектебіміздің білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Бүгінгі ақпарат құралдары дамыған, жаңа технология заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттердің ұлғая түсу жолында мектеп кітапханасы-халқымыздың қилы тарихын , өнегелі әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға  кітап арқылы насихаттайды.

Кітапхана туралы мәлімет

Теміртау қаласы білім бөлімі №9 лицейі КММ кітапханасы лицейде 3 қабатында орналасқан. Кітапхана 2 бөлімнен тұрады,жалпы көлемі 96 ш.м.Оқулықтар қорын сақтайтын қойма 1 қабатта орналасқан.

Кітапхана кітапханашының жұмыс орны және  оқырмандар үшін  жұмыс орны белгіленген, оқыман залы абономентпен бірлескен 20 оқытыу орынынан тұрады.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары болып табылған:

-мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру, оқу және тәрбие әдістерімен түрлерімен қамту;

-кітапқа деген құштарлықты арттыру, оқу мен мәдениетін тәрбиелеу,

басылымдарға ұқыпты қарап мектеп қорының сақтық тәртібін бақылау;

-оқушылармен жеке және көпшілік жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау;

-оқушыларды  көркем әдебиетті жүйелі оқуға тарту, ой мен сөз мәдениетін, рухани және әдептілікті, танымдық қызығушылығын мен қабілеттерін дамыту;

-кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық-комуникативтік технологиядарды қолдануды жүзеге асыру.

Кітапхана қорымен жұмыс

  Мектеп кітпаханасының қоры оқу бағдарламасына сәйкес көркем, салалық, анықтамалық әдебиетпен жинақтастырылған және жас ерекшелігіне қарай орналастырылған:

-бастауыш сынып оқушылары үшін (1-4 сыныптар)

-орта буын оқушылары үшін(5-8 сыныптар)

-жоғары сынып оқушылары үшін (9-11)

-ақпараттық басылымдар қоры

-оқулық қоры

                      Қордың сандық көрсеткіштері

Жалпы кітпахана фонды- 49275

Оқулықтар қоры – 34027

Әдеби кітаптар- 15248

 Осының ішінде

Жаратылыс тану-1178

Техника-166

Ауыл орман шаруашылығы-70

Медицина-77

Қоғамдық және гуманитариялық-1664

Педогогика білім беру мәдениет-1397

Дене тірбиесі,спорт-166

Тіл білімі әдебиет тану-1105

Өнер-177

Әмбебап мазмұнды-335

Көркем әдебиет-8913

Мемлекеттік тілде-2103

Орыс тілінде-13005

Басқа тілде-140

 

Оқырмандармен жұмыс

Кітапхана  жұмысы 2024-2025 оқу жылында  лицей  директоры мен бекітілген іс жоспары бойынша жүргізіледі.

Мектеп кітапханасының негізгі мақсаты әдебиеттерді насихаттау болып табылады. Бұл жұмыстар дастүрлі және технологиялық әдісері қолданыла отырып өткізілген іс-шаралар (ұсыныстар, әңгімелер, көпшілік шаралар, ашық көрмелер, тақырыптық сөре т.б) арқылы орындалады.

Кітап қорын насихаттау барысында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында  жоспар түзіліп  біршама іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Атаулы күндер аясында кітапханамызда тұрақты көрмелер ,тақырыптық сөрелер ұйымдастырылған .

Тұрақты көрмелер

 «Оқуға құштар мектеп»

«Тәуелсіздік –мәңгілік елдің  тұғыры»

«Кітап –ғасыр мұрасы»

«Абай мұрасы –халық қазынасы»

«Тіл –ұлттың жаны »

«Мәңгілік ел» –жалпы ұлттық идея

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Кітап -білім бұлағы»

«Рәміздер- тәуелсіздік кепілі»

Өлке тану бағытын насихаттауда кітапханада «Қалам менің Теміртауым»атты тақырыптық сөре ұйымдастырылған. Бұнда қаламыздың тарихына байланысты «Қарағанды Қарағанды облысы », «Тұғыры биік Теміртау», «Теміртау қаласы мен магниткасының жылнамасы», «Қазыналы құтты өлке» , «Қазақстанның өндірістік қалалары » деегн кітаптар жинақталып қойылған.

  

 

  

Новости