back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Психологиялық ағарту
17-01-2023 16:08
Психологиялық ағарту

Жадынама (жасөспірімге).

 Егер сен зорлық құрбаны болсаң, бірнеше ережелерді сақта:

 1.Бейтаныс топпен сауық кешіне жиналатын болсаң, оған сенімді досыңды ертіп ал.

2. Сауық басталған уақытта барлығына қоштаспай кетпейтініңді ескерт.

 Егер біреумен кететін болсаң кіммен кететініңді достарыңа айтып кет.

3. Өзіңнің ішкі түйсігіңе сен. Егер психологиялық жайсыздықты сезінсең, бұл сенің қауіпті жағдайда тұрғаныңды түсінгенің.

4. Өзің үшін нақты шек қой: неменеге жол беріп, неменеге тыйым салатыныңды анықта.

 5. Кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдайтын қабілетіңді сақта.

 6. Сізді сауық кешінен күтіп алып немесе алып кететін мүмкіндік болса, оны пайдаланыңыз (бұл сізге сенімділік беріп, өз әрекетіңе бақылау жасай аласыз). Жалғыз өзіңіз жеке меншік көлік қызметін пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда шығарып салушыдан көліктің нөмірін жазып алуды немесе есте сақтауды өтініңіз.

7. Егер біреу сізге қадалып қараса және аш көздікпен барлап қараса; сіздің сөзіңізге мән бермесе, сіздің сезіміңізді елемесе; сізбен таныс болмаса да, өзін бұрынғы досыңыздай ұстаса ,САҚ БОЛЫҢЫЗ. Осы сияқты белгілерге назар аударсаңыз, сіз сауық кешінде ғана емес, басқа орындарда да өзіңізді зорлықтан аман сақтап қаласыз.

8. Абай болыңыз, егер кімде кім: сізге тіптен жақын тұрып және осыған байланысты сезінетін қолайсыздықтан қанағат алады; Сізге көзін алмай және қыр көрсетіп қарайды; Сіздің айтып жатқаныңызды тыңдамайды және Сіздің сезіміңізге мән бермейді; Сізбен олай болмасада өзін өте жақын таныстар сияқты ұстайды. Осындай белгілерге мән бере отырып, Сіз кештерде ғана емес, басқа да жерлерде зорлық-зомбылыққа ұшырау тәуекелін азайта аласыз

9. Егер сізді жайсыз сезімге қалдыратын, сезіміңізді елемейтін, дөрекі сөзбен немесе басқа да бір қылықтармен тұрпайылық танытқан адамға кез болсаңыз, онымен қатынасыңызды жедел ҥзіңіз.

 Жасөспірімдерге арналған кеңес

 1.Үйден қашып кетпе!

 2.Егер үйдегі жағдай өте күрделі болса, мұғаліміңмен немесе өзің сыйлайтын адаммен сөйлес.

 3.Үйден қашқан жағдайда сен есірткі саудасына, жезөкшелікке, порнографияға пайдаланатын адамдарға тап боласың, бөгде адамдардың сені суретке түсіруіне ешқашанда жол берме, тіпті сені атақты етеміз және барлық атақты адамдар осылай бастаған

Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға 

«Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға тырыс

1.Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;

2. Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;

3. Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;

4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;

5. Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;

6. Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)

7. «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де. 

Ата-аналарға кеңестер 

Бұл жаднама Сіздерге арналған!

Балаға дене жазасын қолданбас бұрын, тоқтаңыз, ойланыңыз !

Дене жазасы: Балаға зорлық - зомбылық сабағын береді.

1. ЖАҚСЫ  ҮЛГІ  КӨРСЕТІҢІЗ. Қорқыту, ұрып-соғу, психологиялық қысым көрсету, намысына тию және т.б. тәсілдер жағдайды оңтайлы шеше бермейді. Балаңыз Сізді үлгі тұтып, Сізден өз ашу-ызасын күш қолданбай басуға үйренеді. Шек белгілеңіз. Шектеулер қою арқылы зорлық көрсетпей, өзіндік тәртіпке, көңіл-күйін бақылай алуға үйретеді.

 2. МЕКТЕПКЕ ЖИІ БАРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛЫҢЫЗ. Егер сіздің балаңыз дағдарыс тудыратын, өзін басқалардан кем сезінетін мәселеге тап болса, онда мектепке барыңыз. Мектеп қызметкерлері балаларды оқу мен жетілуге көмектесу қажет.

 3. БАЛАЛАРҒА ТЕЛЕДИДАРДАН КӨРСЕТІП  ЖАТҚАН  ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ  АЙТЫҢЫЗ, үндемей сөндіріп тастамаңыз.Фильмдерде көрсетілетін зорлық-зомбылықтар – қызықтыру үшін,қоздыру үшін, көрерменді ұстау үшін қажет өнім екенін түсіндіріп,осындай фильмдегі жағдайларды өмірде қолданудың ешқандай жөні жоқ екенін айтыңыз.

4. «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» ДЕГЕН СӨЗДІҢ  МАҢЫЗЫН  БАҒАЛАҢЫЗ. Кез-келген жастағы балалар мейірімге, жақсы көруге, басынан сиап, арқасынан қағуға зәру. Олар «Мен сені мақтан етемін!» деген сөзді естігісі келеді.

5. ӨЗ  БАЛАҢЫЗБЕН  ЗОРЛЫҚТАР  ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСІҢІЗ.

Сізбен өз қорқынышы, ашуы мен реніші жайлы сөйлескісі келген ниетіне қолдау көрсетіңіз. Ата-ана өз баласының үрейін естіп, қызығушылығы мен сезімін бөлісуі тиіс. Балаңыздың қарым-қатынасын қадағалаңыз. Егер балаңыз зорлық көрсе, болған оқиғаға байланысты жайды кінәлаудан немесе ақтаудан аулақ болуға тырысыңыз. Уақытты пайдаланып, шындықты анықтап, содан кейін Сіздің көмегіңіз арқылы болатын зорлықтардан қалай сақтап қалуға болатынын ойланыңыз. Егер отбасыңызда кімде кім жалғыздықты, ұнатпайшылықты, сенімсіздікті сезінетін болса немесе  Сізде наркотикпен немесе ішімдікпен проблема болса, көмек іздеңіз. Барлық зорлықзомбылық әрекеттерінің көпшілігі ішімдік немесе наркотик қолданушылармен жасалады деп есептеледі.

 ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ

1. Қауіп төнген жағдайда балаңызға «Жоқ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз.

2.Егер біреу оны ұстап алуға әрекет қылса, «Бұл менің анам емес!» (немесе «Бұл менің әкем емес!») деп қатты айқайлауға үйретіңіз. Бұл айналадағылардың назарын аударып, қылмыскерді қорқытуға септігін тигізеді.

3. Өз балаңыздың қайда баратынын, қашан келетінін, егер күтпеген жағдайда жоспар өзгерсе, телефоннан хабарлауға үйретіңіз.

4. Мектептен және балабақшадан балаңызды өзіңіз алып кетуге тырысыңыз. Егер басқа біреуді жіберетін болсаңыз, онда алдын-ала тәрбиешісіне немесе мұғаліміне ескертіңіз.

5.Балаңызға пароль ойлап табыңыз және бейтаныс адам көлігіне ешқашан отырмауын және егер парольді білмейтін болса сол бейтаныс адаммен ешқайда бармайтынын үйретіңіз.

6.Беймезгіл уақытта балаңызды жалғыз жүргеннен гөрі, өзінің достарымен қыдырудың әлде қайда қауіпсіз екенін сендіріңіз. Жалғыз өзі жүрген балаға қылмыскердің көзі түседі.

7.Үй телефонын және көмек көрсету телефондарын балаңыз жатқа білу керек.

8.Балаңызды кем дегенде жылына бір рет суретке түсіріңіз, бұл балаңыз жоғалған жағдайда сыртқы ерекше белгілерін сипаттау үшін қажет.

9. Балаңыз болған жағдайды айта алатындай сенімді ата-ана болыңыз.

 Сіз балаңызды тыңдайтыныңызға, кеңес беруге, әрқашан да жақсы көретініңізді білуге тиісті және егер ол жоғалса немесе ұрланса, онда Сіз оны іздеуді ешқашан тоқтатпайтыныңызға сенімді болуы керек.

Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!

Балаға үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:

1.Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;

2. Егер балаңызға балабақша немесе мектептен алып кетуге басқа біреу келетін болса, алдын ала ескертіңіз;

3. Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;

 4. Егер баламен уақыт өткізу мақсатында бейтаныс адам тәттілер беріп танысуға ұсыныс білдірсе;

5. Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса.

Бала келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:

1. Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
2. Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын;

3. Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын. 

Құрметті ата – аналар!

Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.

Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға 

«Жеті болмайды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:

1.Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болмайды;

2. Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болмайды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;

3. Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болмайды;

4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болмайды;

5. Далада жалғыз жүруге болмайды, әсіресе кешкілік уақытта;

6. Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болмайды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)

7. «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болмайды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де. 

Новости