
Лицейде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыратын мамандардың психологиялық қолдау орталығының семинарлары мен тренингтеріне қатысуды тоқсан сайынғы іс-шараларға қатысуды айтып өтті.
Психологиялық педагогикалық сүймелелдеу бойынша нормативтік- құқықтық актілерін (ҚР ОМ бұйрықтары № 4, 6, 31, 377, 398, 506) таныстырылып өтті.
«Медиация қызметі: мектеп медиациясын дамыту және жанжалдарды шешу бөлігінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес Мектеп медиациясы қызметінің жұмысының бұйрығы таныстырылды.
Педагог-психолог 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын таныстырды:
-2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына педагог-психологтардың әрбір сыныпта жұмыс жүргізуі үшін сынып сағаттарын (4-кем емес) бөлу («Психолог сағаты»)
- педагог-психологтарға 6-10 сынып оқушылары арасында стресске төзімділік пен эмпатияны дамыту бойынша коммуникативтік тренингтер;
- білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау бойынша сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізу;
-ерекше білім беру қажеттіліктері бар, аутодеструктивті, асоциалдық және тәуелділік мінез-құлыққа бейім білім алушылар бір мектептен екіншісіне ауысқан кезде психологиялық қолдау орталығы (жыл ішінде) арқылы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
-білім алушылардың аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез- құлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстар таныстырылды.