
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы бойынша 2022 жылдың қаңтар айында жүргізілген бракеражды комиссия жұмыстардың талдауы.
Оқушылардың тамақтану бойынша асханада оқушы сыйымдылығы 240 оқушы болса, қазіргі кездегі санитарлық талаптарды 2022 жылдың 21 қаңтардағы № 3 Қ негізінде әлеуметтік қашықтықты сақтау барысында - үстелдер мен келушілер арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес, едендегі белгілер салынды. Балалардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептегі тамақтану келесі шаралар арқылы жүзеге асырылды.
Жыл басында тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны 489, оның ішінде бюджеттен 1-4 сыныптар арасында 407 оқушы, ал аз қамтылғандар 5-11 сыныптар арасында -84 оқушы тамақтанады. 2022 жылдың ІІІ тоқсаны 17 қаңтардан бастап жаңа қаулы бойынша оқушылар 1-4 сыныптар арасында 405 оқушы, Тегін тамақпен ұйымдастыру бойынша балалардың тізімі директор жанындағы отырыста қаралып, аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасының балалары және т.б әлеуметтік статусына байланысты іріктеліп, қажетті құжаттарды рәсімдеу арқылы жасалды. Мемлекет тарапынан 1-4 сыныптарға бюджеттен 10813,824 тенге , 5-11 сыныптарға 6919,224 тенге қаражаты бөлінген.
Лицейімізде санитарлық талаптарға сәйкес ыстық тамақтанатын оқушыларға арнайы тамақтану кестесі құрылды. Ыстық тамақтану бойынша бракераждық комиссиясы құрылған, күнделікті әлеуметтік педагог, медбикемен мониторинг жүргізіліп отырады. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеті:
- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;
-тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
-өнімдерді өткізу мерзімдерін;
-тамақ дайындау сапасын;
-тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;
-ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.
Бракераждық комиссия мүшелері ата –анадан, мұғалімдерден шағым түскен кезде ыстық тамақтанатын оқушылардың ас мәзірі қаралып, санитарлық талаптарды орындалуын тексеріледі.
2022 жылдың қаңтар айына дейін ай сайын тексеріп акт толтырылады,бүгінгі күнге дейін 5 рет тексерілді.
Күнделікті мониторинг жасау арқылы ас мәзірінің бекітілген мәзірмен сәйкестігі, құнарлылығы мен құрамы бақыланып, бас аспазшымен толтырылып отырады. Асханада төлем төлеу карточка арқылы төленеді /терминал CENTERCREDIT/
Ыстық тамақпен қамтылу бойынша қаңтар айында директор жанындағы кеңестің № 5 хаттамасы, 10.01.2022 күні қаралып ,тамақтану алгаритімі ұжымға түсіндірілді.