Бекітемін:
Теміртау қаласы білім бөлімі
« №9 лицейі» КММ
директоры К. А. Нургалиева
_____________________
2021/2022 оқу жылы
Жас мамандармен жасалатын жұмыс жоспары
Бақылаудың мақсаты |
Мерзімі |
Бақылау нысаны |
Қайда қаралады және орындауға жауаптылар |
Жас мамандардың тізімін алу, жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау |
Қыркүйек |
Абдикаримова А.О |
Бұйрық шығару
|
Тәлімгерлердің жұмыс жоспарын бекіту, бақылау
|
Қыркүйек |
Абдикаримова А.О |
Әдістемелік отырыста қарау |
Жас мамандардың сабақтарына қатысу, әдістемелік көмек беру |
Жыл бойы |
ӘБЖ, тәлімгерлер
|
Анықтама |
Әдістемелік көмек. Тақырыбы:«Нормативтік құжаттар» |
Жыл бойы |
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар |
Анықтама |
Тренинг. Тақырыбы: «Мұғалімнің кәсіби қиыншылықтарды жеңу жолдару» |
Желтоқсан |
Жетекші |
Бағыт бағдар беру |
Жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету |
Наурыз |
Психолог |
Әдістемелік кеңесте |
Ғылыми конференцияларға, семинарларға тарту, қатыстыру |
жыл бойына |
Әкімшілік, ӘБЖ, тәлімгерлер |
Анықтама
|
Білімін толықтыру курстарына жіберіп отыру |
Жоспарлы түрде |
Әкімшілік |
Анықтама |
Мұғалімдер портфолиосының жинақталуы туралы.
|
Жоспарлы түрде |
Болбаева П.А |
Біліктілік дағдыларын қалыптастыру |
Жас мұғалімдер рейтингісін шығару |
Мамыр |
Әкімшілік, ӘБЖ, тәлімгерлер |
әдістемелік көмек көрсету |
"Жас мамандар мектебі"
Жас маманға жаднама
-
Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, ОТҚ, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жол табыңыз. Сыныптағы оқушыларды түгелдеңіз, әсіресе- тәртіпсіз балаларды. Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.
- Журналды қоңыраудан бұрын бетін ашып қойыңыз. Кезекшілердіен сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз.
- Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз.Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық, сабақта тәртіпсіздік туғызады.
- Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл сыныпты қадағалаңыз. Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.
- Сабақ кезінде басқа істермен шұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз.
- Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз.
- Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз.
- Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.
- Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз. Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі, сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.
Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындалуына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандардың оқу орнын бітіре салысымен барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік жүйеде жаңа жас маманға өз білімін жетілдіру үшін пәндік курстардың атқаратын рөлі өте маңызды.
Жас мамандар ұстаздық қызметін алғашқы жылдардан-ақ, бар күш-жігерін тек қана жұмысқа арнау керек.
Жас маманға:
- Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет.
- Әдістемелік жұмыспен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірудің жалпы мектептік, топтық және ақылға қонымды үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас мұғалімдерді кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ жас маманға қойылатын талап:
- Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.
- Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.
- Мұғалім- білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны балуға міндетті.
- Мұғалім педагогикалық қарым-қатынаста қызмет ететін тұлға болуы керек.
- Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті.
Тәлімгерлік жұмыста жас мамандарымыздың Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтататын білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі мұғалім болуға баулу.
Жас мамандар арасында сауалнама
Бүгінгі жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті жас мамандар – ертеңгі ел басқарар азаматтар.
Еліміздің ертеңі жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. ХХІ ғасыр – жаңалықтар ғасыры. Еліміздегі ірі өзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар – білім ордаларында, мектептерде де өз көрінісін тауып келеді.
Мектептегі топтасқан жас ұстаздармен кәсіптік деңгейлерін қалыптастыру, әдістемелік көмек беру мақсатында жыл бойы жұмыстар жүргізіледі. Лецейімізде жас мамандар арасында сауалнамалар өткізілді. Сауалнаманың жоспарлануындағы басты мақсат – соңғы ТALIS халықаралық зерттеулері қортындысы бойынша анықталған жас мамандар арасындағы кедергілер себебін анықтау және оларды жою мүмкіндіктерін іздестіру болып белгіленді.Сауалнаманың қортындысына әсер етуші әртүрлі сыртқы және психологиялық факторлардың алдын алу мақсатында сауалнама анонимді түрде онлайн форматта өткізілді және қортындысы электрондық форматта анықталды. Сауалнама барысында қолданылған сұрақтар толықтай жас мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық, әдістемелік дайындығы мен жоғарғы оқу орнындағы теориялық материалдың білім беру ұйымдарындағы практикадағы қолданыс мүмкіндіктеріне арналды.Ең алғашқы «Cізге осы білім беру ұйымында жұмыс жасау ұнай ма? Неліктен?» деген сұрағына басым бөлігі «Ия ұнайды, ұжымның ауыз біршілігі жақсы» деп жауап берген, яғни білім беру ұйымдарының жас педагогтерді қарсы алуы мен олардың ұжымға кірігуіне жағдай жасауы негізінен барлық білім беру ұйымдарында бірдей деп айтуымызға болады. Сонымен бірге жұмыс орына тек табыс көзі ретінде қарайтындар мен ашық «ұнамайды» деп көрсетіп отырған жас мамандар .
Екінші сұрақ «Көбінесе жұмыска қандай көңіл күймен барасыз?» -деген сауалнама .Аталған көрсеткіш үшінші
«Сіздің ойыңызша, Сіз кәсіби қызметке дайынсыз ба?»
«Сіздің ұжыммен қарым-қатынасыңыз қалай қалыптасуда?»
«Сіз қиындықтарды шешуге тырысасыз ба? Қалайша?»
«Алғашқы жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?» деген сұраққа жауаптарды талдай отырып жас мамандар арасында әдістемелік, педагогикалық, психологиялық дайындық деңгейлеріндегі кемшіліктер бар екендігін, соның ішіндегі ең негізгісі әдістемелік дайындық екендігі байқалады,
Жас мұғалімдер арасындағы екінші басты мәселе «сыныптағы тәртіптің болмауы» екендігі анықталды.Осы сауалнаманы жүргізе отырып педагогикалық мамандық бойынша аяқтап, білім беру ұйымдарына келген жас мамандардың арасындағы басқа мамандықтарға кетіп қалу, ТALIS халықаралық зерттеуі барысындағы жас мамандар арасындағы қиыншылықтардың көп болуы, қалалық, аудандық және облыстық әдістемелік орталықтардың жұмысын бағытына енгізілуі қажетті, немесе жұмыс қарқынын үдету қажет бағыттарды анықтауға тырысты.
- Жанабаев Данияр – ағылшын мұғалімі
- Жанбекова Айгерім – ағылшын мұғалімі
- Адилбекова Айниса – бастауыш мұғалімі
- Жолдыбаева Азиза-бастауыш мүғалімі
- Күнтилеуова –
- Жапбаров Данияр– соц педагог
- Ахмеджанова Жансая
- Турсынбай Айгул – химия пәні мұғалімі