back-image
КГКП "Ясли-сад "Аққу" отдела образования Абайского района управления Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Аққу" отдела образования Абайского района управления Карагандинской области
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Аққу» бөбекжай» КМҚК мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымында тәрбиеші лауазымының бос және уақытша бос орындарына орналасуға ашық конкурс жариялайды: -2 бірлік — қазақ тілінде оқытатын
08-04-2026 11:11
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Аққу» бөбекжай» КМҚК мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымында тәрбиеші лауазымының бос және уақытша бос орындарына орналасуға ашық конкурс жариялайды: -2 бірлік — қазақ тілінде оқытатын

Функционалдық міндеттері:

Педагогикалық үдерісті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады, балалардың қызметіне басшылық етеді;

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

Ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді;

«Этика кодексін» сақтайды.

Біліктілік талаптары:

Жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім (мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша);

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

       Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде, 2026 жылғы 08 сәуірден 16 сәуір аралығында жүзеге асырылады.   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1)Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (тұрақты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - болған жағдайда);

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);10) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат

Еңбекақы төлеу шарттары: біліміне, біліктілігіне және өтіліне сәйкес.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде мына мекенжайға жолдайды: Қарағанды облысы, Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 42 ғимараты, анықтама үшін телефон, факс 8(72131)47977, 87779485343,  е-mail akkyjds@mail.ru

https://www.instagram.com/p/DW3AEtmDDam/?igsh=MTA0dXB1ZmVld3F4MQ==

Новости