Функционалдық міндеттері:
Педагогикалық үдерісті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады, балалардың қызметіне басшылық етеді;
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
Ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді;
«Этика кодексін» сақтайды.
Біліктілік талаптары:
Жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім (мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша);
Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде, 2026 жылғы 08 сәуірден 16 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1)Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (тұрақты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген - болған жағдайда);
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);10) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат
Еңбекақы төлеу шарттары: біліміне, біліктілігіне және өтіліне сәйкес.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде мына мекенжайға жолдайды: Қарағанды облысы, Абай қаласы, 3 шағын ауданы, 42 ғимараты, анықтама үшін телефон, факс 8(72131)47977, 87779485343, е-mail akkyjds@mail.ru
https://www.instagram.com/p/DW3AEtmDDam/?igsh=MTA0dXB1ZmVld3F4MQ==