«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде «Аққу» бөбекжай» КМҚК-да педагогтарға арналған диалогтік және консультациялық өзара іс-қимыл формалары бойынша әдістемелік іс-шаралар өткізілді.

1. «Мектепке дейінгі ұйымдағы заң және тәртіп» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
Форматы: диалог алаңы.
Қатысушылар: мектепке дейінгі ұйым педагогтері.
Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымдағы заң мен тәртіп қағидаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету.
Міндеттері:
* Педагогтерге мектепке дейінгі ұйымдағы құқықтық нормалар мен ережелер туралы түсінік беру;
* «Заң және тәртіп» идеологиясының маңызын түсіндіру;
* Педагогтердің кәсіби жауапкершілігін арттыру;
* Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау;
* Ұжымда өзара сыйластық пен тәртіп мәдениетін нығайту.