back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
“DARA” әлеуметтік инновация институты”
28-05-2026 16:45
“DARA” әлеуметтік инновация институты”
2026 жылдың 15 мамыр күні Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық құндылықтарын насихаттау мақсатында “DARA” әлеуметтік инновация институты” ҚБ төрағасының орынбасары Аукенов Нұртай Алпысұлының қатысуымен интеллектуалды викторина ұйымдастырылды.
 Іс-шара барысында Н.Аукенов жастардың бойында адалдық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы жете түсіндірді. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, заң талаптары, қоғамдағы әділдік пен парасаттылық қағидалары туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Викторина бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар логикалық тапсырмаларды орындау арқылы белсенділік танытты.
Новости