«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
2026 жылғы 25 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын болып өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік туымыз шығарылып, әнұранымыз орындалды.
Мектебіміздің директоры П.Шойбекова түлектерге ақ жол тілеп, оқу жылы барысында жетістіктерге жеткен дарынды оқушыларды құттықтады. Соңғы қоңырауға арнайы шақырылған құрметті қонақтар Приозерск қаласы Білім бөлімінің әдіскері Ә.Мұхаметжанова, «Жастар» ресурстық орталығының басшысы А.Бердимуратов, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 06708 әскери бөліміндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің офицері О.Әбенов және Приозерск қаласы мәдени-демалыс орталығының директоры Ж.Абулова мектеп бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиын мектеп бітіруші түлектердің концерттік бағдарламасына ұласты. Бітіруші түлектер мектеппен қоштасып, ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын жеткізді. 2025-2026 оқу жылының “Сыңғырла, соңғы қоңырау! “ атты салтанатты жиыны түлектердің әнұранына айналған Мұхтар Шахановтың “Ақ бантик” әнімен өз мәресіне жетті.


