back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
“Адалдық сағаты”
28-05-2026 16:43
“Адалдық сағаты”
2026 жылдың 8 мамыр күні Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша “Адалдық сағаты” өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты адамгершілік құндылықтарды сіңіру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсерін түсіндіру.
 «Адалдық сағаты» барысында оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, адал еңбек пен шынайы жауапкершіліктің маңызы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, қоғамдағы әділдік қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды. Оқушылар түрлі жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
Новости