«Елім деп соғады жүрегім...»
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Елім деп соғады жүрегім...» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл айтулы күн – ел тыныштығын күзеткен ерлерге құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында мектептің өнерпаздары ән шырқап, патриоттық өлеңдер оқып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт соңында қатысушыларға алғыс білдірілді және ер азаматтарға өскелең ұрпақ тәрбиесінде алатын ерекше орындары үшін алғыс хаттар берілді.


