Бір шаңырақ астында»
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2-4 сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын насихаттау және бірлікке тәрбиелеу.
Фестиваль барысында әр сынып әртүрлі халықтардың салт-дәстүрін, ұлттық киімдерін, ән-билерін таныстырып, өнерлерін көрсетті. Оқушылар белсенді қатысып, өз шығармашылық қабілеттерін паш етті. Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күй сыйлап, барша қатысушыларға достық пен ынтымақтың маңызын ұғындырды.


