«Рәміздер – ел мақтанышы»
2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 4-сыныптарға «Рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сынып сағаттарында оқушылар Қазақстан Республикасының негізгі рәміздерімен танысты: Ту, Елтаңба және Әнұран. Әр рәміздің шығу тарихы, авторлары және мән-мағынасы түсіндірілді. Оқушылар тақпақтар айтып, сұрақ-жауапқа қатысып, рәміздер туралы білімдерін көрсетті.
