«Ана – мәңгілік көктем»
2026 жылғы 6 наурызда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де оқушылардың қатысуымен «Ана – мәңгілік көктем» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: аналарға деген құрметті арттыру, олардың мейірімі мен еңбегін дәріптеу. Концерт барысында оқушылар өз өнерлерін көрсету арқылы аналарға деген шексіз сүйіспеншіліктерін білдірді.


