«Әлеуметтік желілерге қатаң немесе құқықтық реттеу қажет пе?
2026 жылғы 26 ақпанда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Алаш» дебат клубының жетекшісі Д.Сайлыбай 8-10 сыныптарға «Әлеуметтік желілерге қатаң немесе құқықтық реттеу қажет пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын талқылау және құқықтық жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік желілердің жастар өміріндегі рөлін талдап, оның білім алуға, қарым-қатынас жасауға және ақпарат таратуға тигізетін оң әсерлерін атап өтті. Сонымен қатар кибербуллинг, жалған ақпарат тарату, жеке деректердің қауіпсіздігі сияқты мәселелер қозғалды. Іс-шара соңында оқушылар заң талаптарын сақтау, желідегі әдеп нормаларын ұстану және саналы қолдану мәдениетін қалыптастыру маңызды деген ортақ қорытындыға келді.
