2025 жылғы 9 желтоқсанда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де “Жас сақшы” сыныбымен «ЖЖЕ-ні біл - өміріңді сақта!» тақырыбында жол қозғалысы ережелеріне арналған сабақ өтілді және бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: білім алушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында жол қозғалысы ережелері кеңінен түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді.

