back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы
20-01-2026 15:43
 сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы
2025 жылғы 5 желтоқсанда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы болып өтті. Отырыстың мақсаты: тәрбие жұмысының өзектілігін арттыру, тәжірибе алмасу және сынып жетекшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
* «Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтары аясында педагогтердің өз тәжірибесімен бөлісуі;
* «Қыз бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында отбасы тәрбиесіндегі әке тұлғасының маңыздылығы талқыланды;
* Суицидтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылды;
* Әр түрлі мәселелер бойынша ұсыныстар тыңдалып, алдағы жоспарлар нақтыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар қабылданды, сондай-ақ сынып жетекшілерге бағытталған келесі жұмыс жоспары айқындалды.
Новости