back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Бракеражная комиссия
11-04-2023 13:32

     2023 жылдыңсәуір айының 11-і күні мектебіміздің «Бракераждық» коммиссиясының жоспары бойынша мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау мақсатында тексерістер жүргізілді. мектеп асханасы 5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Асхана І кезең, ІІ кезең болып екіге бөлінеді. Бастауыш сыныптың (1-4) оқушылары,  «Атаулы әлеуметтік көмек» алатын отбасы, «Қамқорлыққа»  алынған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларына бір реттік ыстық тамақпен қамтылып отыр.

   Тексеріс барысында талапқа сай, ыстық тамақ ас мәзірі бойынша берілді.

Ас мәзірінде;

Салат (дәрумендер)-60гр

Бұқтырылған тауық еті соусымен -80гр

Макарон -100гр

Алма шырыны-200гр

Нан -20 гр

    Асханада 5 адам жұмыс жасайды. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелінген, арнайы киімдерімен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыс, сүт, май. Ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жағдайы да тексерілді.

    Оқушылар асханаға қойылған кесте бойынша асханаға келеді. Оқушылардың қол жууына, кептіруіне жағдай жасалынған. Мектеп әкімшілігі кезекшілік белгіленген уақытта кесте бойынша кезекшілік атқарылады. Асхана медбикесі таңертең піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына жазады. Тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи бояғыштар, консерванттар, хош иістегіштер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер бар өзге де өнімдерге) асханада қазіргі таңға дейін анықталған жоқ.

    Ыдыс жуу бөлмесіндегі ыдыс жуатын раквиналарға келетін кран орнатқышрады, қабырғалардың тазалығына да қарау және ыдыс жуатын губкаларды, аптасына жаңартып отырулары ескерілді.

Новости