16 қараш күні «Бракеражды» комиссия топ мүшелерінің жоспарлары бойынша мектеп асханасындағы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін білім алушылардың ас мәзіріне сәйкестігі, асхананың жалпы тазалығы, тамақ дайындау технологиясы, асхана қызметкерлерінің сыртқы бейнесін, асхана қызметкерлерінің дене жарақатының болуын және тағам сертификаттарының өнімдермен сәйкес келуіне бақылауларын жүргізді. Атап айтар болсақ асхана мейірбекесі үнемі ас мәзіріне сәйкестігін бақылап, тамақтың құрамының сапалы болуы, нәрлілігі тексеріледі. Даярланған тамақтың сапасын сынаулары бойынша «Бракеражный журналға» күнделікті жазылып отыратындығын, асханаға түскен шикі заттардың, өнімдердің мерзімдеріне сәйкес сертификаттарының келуін көрсетті.
Әрбір тамақтанудан соң тамақ ішу залында тазалық жұмыстары жүргізіледі.
Асхана тазалығын ыдыстарды, үстелдерді 3% хлор ертіндісімен, ыстық сумен, ас содасымен жууын қадағалап отырады.
Асхана қызметкерлеріне LD маркалы 5 кг. кір жуатын автомат машинасы және киім кептіргішке құралы сатып алынды.
Мектеп асханасында қолма - қол ақшасыз есеп айырысу аппараты енгізіліп, жүргізу жұмысы қолға алынып, іске асырылуда.