«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің басы болған 1 қыркүйек – Білім күніне орай ұйымдастырылған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиыны болып өтті. Музыка әуенімен салтанатты жиын ашылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұраны орындалды.
Салтанатты жиында биылғы оқу жылының ең кішкентай бүлдіршіндері, яғни, бірінші сынып оқушылары үлкен құрметпен ортаға шақырылды. Приозерск қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Ж.Бейсекеев, Приозерск қаласы Мәслихатының хатшысы Б.М.Сәрсенбеков және мектеп директоры П.А.Жұмаханова мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мерекелік кеш оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушылары Сыдық Ернұр мен Өмірзақ Мақпалға берілді. Жиын соңында 1-сынып оқушыларының орындауында «Аяулы мектебім!» әні шырқалды.
Сынып бөлмелерінде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер биылғы жыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Роза Бағланованың 100 жылдығы, Қазыбек бидің 355 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғандығын да айта кетті. 10-11 сынып оқушыларына №60601 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы аға лейтенант Н.Е.Бахтияров пен сержант Е.Р.Турсунбаевтың қатысуымен «Ерлік сабағы» өткізілді.