back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
“Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі” тақырыбында аудандық педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
25-08-2026 12:04
“Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі” тақырыбында аудандық  педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
2026 жылы 25 тамызда “Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту - білім беру жүйесінің стратегиялық негізі” тақырыбында аудандық  педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. 
 Іс-шараға ауданның барлық білім беру ұйымдарының педагогтері, педагогикалық еңбек ардагерлері және ауданның белсенді азаматтары қатысты.
Конференцияның құрметті қонақтары мен спикерлері қатарында Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Жекебаев Дулат Шайкенұлы, Нұра ауданының әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы, аға әділет кеңесшісі, Нұра ауданының прокуроры Тұрсынов Елдар Нұртасұлы болды.
Іс-шараның модераторы — Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатұлы.
Конференция барысында білім беру жүйесі мен ауданның қоғамдық өмірін дамытудың маңызды бағыттары талқыланды. Спикерлер  жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарына, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға, 2025–2026 оқу жылының қорытындыларына, сондай-ақ жаңа 2026–2027 оқу жылындағы жаңалықтарға, міндеттер мен мақсаттарға ерекше назар аударды.
Іс-шара барысында білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздарымыз марапатталды. 
Олар ішіндегі мектебіміздің ұстаздары:
Колтунова Анна Валерьевна – информатика пәні мұғалімі 
  Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Тукешова Бақыт Нәукеновна – оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары  
  "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" құрметті төсбелгісімен марапатталды
Тамыз кеңесі атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы кезеңге жаңа міндеттерді айқындап, білім беруді дамытудың басым бағыттарын белгіледі.
Марапатталған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!
Новости