9-сынып оқушыларының таңдау пәндері бойынша қорытынды емтиханы басталды
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары үшін таңдау пәндері бойынша қорытынды емтихан басталды. Бұл – оқушылардың оқу жылы бойы жинаған білімдері мен дағдыларын көрсететін маңызды кезең.
Емтихан барысында білім алушылар өздерінің пәндік білімдерін дәлелдеп, жауапкершілік пен табандылықтарын танытуда. Барлық емтихандар бекітілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, әділ және ашық жағдайда өткізілуде.
Барша 9-сынып оқушыларына сәттілік, жоғары нәтиже және өз білімдерін лайықты деңгейде көрсетуіне тілектеспіз! ????
#9сынып #Емтихан2026