«Күншуақ» жазғы лагерінде Ұлттық ойындар күні ұйымдастырылды
«Күншуақ» жазғы лагерінде Ұлттық ойындар күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрімізді дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Оқушылар асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындарға белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен ойын ойнап, ұлттық рухты сезініп, ерекше әсерге бөленді.
Осындай тағылымы мол шаралар арқылы жас ұрпақ ата-баба мұрасын танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеленеді. Ұлттық ойындар күні балалардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік сыйлап, жарқын естеліктерге толы күн болды.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#жазғылагерь
#Күншуақ