Мектебімізде ерекше көңіл-күй сыйлаған «Әлем халықтарының биі» атты байқау өтті
Мектебімізде ерекше көңіл-күй сыйлаған «Әлем халықтарының биі» атты байқау өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды әртүрлі ұлттардың мәдениетімен таныстыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру және достық пен бірлікті насихаттау.
Қатысушылар түрлі халықтардың ұлттық билерін нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті. Әр би – бір елдің тарихы мен дәстүрінің айнасы екенін көрсетті.
Оқушылар сахнада өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін дәлелдеді. Көрермендер де ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және қолдау көрсеткен ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!
Өнер – ұлттарды жақындастыратын алтын көпір!
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg