back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектебімізде «Құндылыққа негізделген тәрбие: “Адал азамат” моделі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
22-04-2026 09:43
Мектебімізде «Құндылыққа негізделген тәрбие: “Адал азамат” моделі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
 Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Құндылыққа негізделген тәрбие: “Адал азамат” моделі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
 
Аталған семинардың негізгі мақсаты – «Адал азамат» тәрбие моделінің мазмұнын терең түсіндіру, оның маңыздылығын ашу және оқу-тәрбие процесіне тиімді енгізу жолдарын қарастыру болды.
 
Семинар барысында қатысушылар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, мектеп директорының орынбасарлары мен сынып жетекшілері өздерінің тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді.
 
Сонымен қатар, «Табиғат -адам тағдыры » тақырыбында эко-коучинг өткізіліп, экологиялық тәрбиеге бағытталған маңызды жобалар талқыланды. Қатысушылар табиғатты қорғау мен оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары жөнінде пікір алмасты.
 
Семинар аясында «Ұлттық ою-өрнектер генерациясы» атты шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, онда заманауи жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғырту тәсілдері көрсетілді. Бұл жұмыс ұлттық мәдениетті заманауи бағытта дамытуға тың серпін берді.
 
Шараның шығармашылық бөлігінде «Жас актер» клубының сахналық қойылымы ұсынылып, оқушылардың өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
 
Қорытындылай келе, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, саналы, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру – барша педагог қауымның ортақ міндеті екені атап өтілді.
#Қарағандыоблысы 
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие 
 @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости