Жас актер клубының жұмысы
Аудандық семинардың ең әсерлі сәті – «Жас актер» клубы дайындаған көрініс болды. Рахимбекова С.К.-ның жетекшілігімен сахналанған «Тастамашы, ана!» қойылымы көрерменді бейжай қалдырмады.
Ана мен бала арасындағы сезім, адамгершілік пен мейірімділік тақырыбын оқушылар жоғары деңгейде жеткізе білді.
Мектеп сахнасындағы мұндай шығармашылық жұмыстар оқушының жан дүниесін байытып, құндылықтарды терең түсінуге септігін тигізеді.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg