«Ауыл – қала» жобасы аясында Нұра ауданының білім бөлімі мен Білім-Инновация 1 лицейі мұғалімдері бірлескен әдістемелік жұмыс жүргізді.
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мақсатында ұйымдастырылған «Ауыл – қала» жобасы аясында Нұра ауданының білім бөлімі мен Білім-Инновация 1 лицейі мұғалімдері бірлескен әдістемелік жұмыс жүргізді.
Кездесу барысында лицейдің математика пәні мұғалімі Серікжан Қалданов білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы мазмұнды баяндама жасап, білім тексеру сынағы (БТС) бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Ол өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың білім нәтижелерін жақсартуға бағытталған нақты тәсілдер мен жұмыс түрлерін ұсынды.
Шара барысында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс орнатты. Мұндай тәжірибе алмасу ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеруге және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік береді.
#oqu_agartu_ministrligi
#umckrg
#нұраауданыбілімбөлімі
#ауылмектебісапаалаңы
#БТС
#Сейфуллинмектебі