Мемлекеттік рәміздер күні.

Бүгін біздің мектептегі жазғы лагерьде ерекше күн болды – Мемлекеттік рәміздер күні. Таңертең барлық балалар сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындадық. Туымыз көк аспанда желбіреп, баршаға мақтаныш сезімін сыйлады.