Ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс соңында ата-аналардан қауіпсіздік талаптарының орындалуына жауапкершілік алатыны жөнінде қолхаттар алынды.

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері таныстырылып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балалардың жаз мезгілінде судағы, жолдағы, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық туралы ескертулер берілді.
Жиналыс соңында ата-аналардан қауіпсіздік талаптарының орындалуына жауапкершілік алатыны жөнінде қолхаттар алынды.