Салтанатты жиын соңғы қоңырау сыңғыры

С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай, 9-11 сынып түлектеріне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Балабиев А.Е. ауыл әкімі Темиров Д.М. және Нұра ауданы білім бөлімінің әдіскері Вера Юрьевна құттықтау сөзімен бастап, түлектерге ақ жол тіледі.
2024-2025 оқу жылының жетістіктері мен нәтижелерін айтты . Үздік оқитын оқушылар марапатталды. Оқушылар тарапынан әдемі ән-күй, жүректі елжіретер өлең жолдары оқылып, ізгі тілектер айтылды. Салтанатты жиын соңғы қоңырау сыңғыры мен әдемі вальс биімен аяқталды.