Директор жанындағы кеңес
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 7-10 сынып оқушылары арасында «Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларды пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығымен танысу бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізілді.
Бұдан басқа, мектеп әкімшілігі тыйым салынған нәрселер мен заттарды анықтаған кезде директор жанындағы кеңесте тыйым салынған заттарды енгізу фактілеріне және қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне жол бермеу бойынша педагогикалық ұжыммен және мектеп қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.