back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауы
07-09-2023 23:56
 Қасым-Жомарт Тоқаев
               2023 жылдың 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
 "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдер жалақысының екі есе өскені туралы және "Жайлы мектеп" жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынатыны жайында айтылды. 
Ел әлеуеті айқын көрінетін әлеуметтік салаға келгенде, Мемлекет басшысы балалар мен жастарға айрықша тоқталды. Бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыстың түбегейлі қаралуын міндеттеді. Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады. Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды. 
Қазақстан - біздің жалғыз Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы - өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету - біздің перзенттік парызымыз, - деді сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондықтан Мемлекет басшысының айтқан сөздерін толық қолдаймын.
Новости