back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: білім, тәрбие және қауіпсіздік» ???? Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5–7 сыныптарында І тоқсанның қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында І тоқсандағы оқушылардың оқу
29-10-2026 10:31
«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: білім, тәрбие және қауіпсіздік» ???? Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5–7 сыныптарында І тоқсанның қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында І тоқсандағы оқушылардың оқу
«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: білім, тәрбие және қауіпсіздік»
???? Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 5–7 сыныптарында І тоқсанның қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында І тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі, білім сапасы, сабаққа қатысуы, тәртібі мен тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар оқушылардың жасөспірімдік кезеңдегі мінез-құлық ерекшеліктері, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
???? Күзгі демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жол қозғалысы ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс соңында ата-аналармен пікір алмасып, алдағы ІІ тоқсанға арналған міндеттер айқындалды.
✨ Бала тәрбиесіндегі табыстың басты кепілі – мектеп пен ата-ананың бірлігі, өзара сенімі және ортақ жауапкершілігі!
 
Жаңалықтар