back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
???? ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР! Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің басты тақырыбы – «Жаңа оқу жылындағы білім беру сапасы мен педагогтің кәсіби жауапкершілігі: нормативтік өзгерістер, жасанд
31-08-2026 18:22
???? ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР! Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің басты тақырыбы – «Жаңа оқу жылындағы білім беру сапасы мен педагогтің кәсіби жауапкершілігі: нормативтік өзгерістер, жасанд
???? ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!
Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің басты тақырыбы – «Жаңа оқу жылындағы білім беру сапасы мен педагогтің кәсіби жауапкершілігі: нормативтік өзгерістер, жасанды интеллект және педагогикалық әдеп».
Кеңес барысында жаңа оқу жылындағы білім сапасын арттыру, педагогтің кәсіби жауапкершілігі, білім беру үдерісін жетілдіру және мектеп дамуының басым бағыттары талқыланды.
???? Мектеп директоры Орақбаева Н.О.
«Жаңа оқу жылындағы білім сапасын арттыру: стратегиялық міндеттер, педагогтің кәсіби жауапкершілігі және мектеп дамуының басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, алдағы оқу жылына қойылатын негізгі міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар мектептің ішкі тәртібі мен оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді. Оқушылардың сабақ уақытында мектеп аумағынан рұқсатсыз шықпауы, көшеде себепсіз жүрмеуі, қауіпсіздік ережелерін сақтауы және мектепке скутермен келмеуі жөніндегі талаптар айтылды.
???? Оқу ісі жөніндегі орынбасары Исина Д.Д.
«Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі нормативтік өзгерістер: оқу процесін ұйымдастыру, бағалау жүйесі» тақырыбында оқу үдерісіндегі маңызды өзгерістер мен бағалау талаптарын таныстырды.
???? Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Оралбай Ә.Ә. «2026–2027 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары және оны ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен жаңа тәсілдерін атап өтті.
???? Информатика пәнінің мұғалімі Бердкей М.
Roqed AU бағдарламасымен жұмыс жасау жолдарын таныстырып, цифрлық мүмкіндіктерді білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
✨ Педагогикалық кеңес – жаңа міндеттерді айқындап, ортақ мақсатқа жұмылатын маңызды алаң.
Білім сапасы – білікті педагогтен, кәсіби жауапкершіліктен және үздіксіз ізденістен басталады!
Жаңа оқу жылында әріптестерімізге шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және шәкірттерінің биік белестерін көруді тілейміз! ????????
Новости