???? ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР! Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің басты тақырыбы – «Жаңа оқу жылындағы білім беру сапасы мен педагогтің кәсіби жауапкершілігі: нормативтік өзгерістер, жасанд
Мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің басты тақырыбы – «Жаңа оқу жылындағы білім беру сапасы мен педагогтің кәсіби жауапкершілігі: нормативтік өзгерістер, жасанды интеллект және педагогикалық әдеп».
Кеңес барысында жаңа оқу жылындағы білім сапасын арттыру, педагогтің кәсіби жауапкершілігі, білім беру үдерісін жетілдіру және мектеп дамуының басым бағыттары талқыланды.
«Жаңа оқу жылындағы білім сапасын арттыру: стратегиялық міндеттер, педагогтің кәсіби жауапкершілігі және мектеп дамуының басым бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, алдағы оқу жылына қойылатын негізгі міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар мектептің ішкі тәртібі мен оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді. Оқушылардың сабақ уақытында мектеп аумағынан рұқсатсыз шықпауы, көшеде себепсіз жүрмеуі, қауіпсіздік ережелерін сақтауы және мектепке скутермен келмеуі жөніндегі талаптар айтылды.
«Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі нормативтік өзгерістер: оқу процесін ұйымдастыру, бағалау жүйесі» тақырыбында оқу үдерісіндегі маңызды өзгерістер мен бағалау талаптарын таныстырды.
Roqed AU бағдарламасымен жұмыс жасау жолдарын таныстырып, цифрлық мүмкіндіктерді білім беру үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Білім сапасы – білікті педагогтен, кәсіби жауапкершіліктен және үздіксіз ізденістен басталады!
Жаңа оқу жылында әріптестерімізге шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және шәкірттерінің биік белестерін көруді тілейміз! 
