9 қазан С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сәкен оқулары» аудандық байқауы өтті.
Байқауға қатысқан оқушылар Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын мәнерлеп оқып, өздерінің қоғам қайраткеріне арнаған арнауларын жолдады. Сонымен қатар әндерін орындап шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сәкен оқуларына А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінен “Құр өлең деп ойлама, ынталы сөзге құлақ сал” номинациясы бойынша 5-сынып оқушысы Марат Амира қатысып, жүлделі 3-орынға, 7-сынып оқушысы Сагидулла Жанель 2-орынға ие болды. Ал 3-сынып оқушысы Ахмедия Айғаным “Сым пернені басып қара, басып қара жырласын” номинациясына қатысып, 3-орынға ие болып дипломдармен марапатталды.
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg
#nura_akimdigi
#egindiakimdigi